25 Сәуір 18:18

Бір үйдің 3 адамы жазылып шықты

Фото:

Сауығып шыққан азаматтың үшеуі бір отбасының мүшелері, деп хабарлады Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Олар 1996 ж., 1994 ж. және  1970 жылғы қала тұрғындары. Бұл отбасының мүшелерінен дәрігерлер 4 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. Үш аптаға жуық медициналық бақылауда болған науқастардың жағдайы жақсы», - дейді мамандар. 

Сондай-ақ, дертінен сауыққан тағы бір азаматша 1964 жылғы қала тұрғыны екен. Бұл науқастан дәрігерлер 8 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. 

«Төрт азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсетті. Олар 25 сәуір күні ауруханадан шығарылды», - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 22 науқас дертінен айығып шықты.

Тегтер: