30 Қараша 19:50

Бір топ атыраулық Тұңғыш президент күні қарсаңында марапатталды

Фото:

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ел дамуы мен өңірдің гүлденуіне елеулі үлес қосқан бір топ азамат  марапатталды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау, NEGE. Шараға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов және түрлі сала бойынша мекеме басшылары қатысты. Оларға ең алдымен «Ұлт лидері» атты арнайы дайындалған деректі фильм көрсетілді.

Одан кейін сөз алған аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов  «Тәуелсіздік» және «Нұрсұлтан Назарбаев» ажырамас ұғымдар деген пікірді жиі естиміз. Оған толықтай негіз де бар. Өйткені, Елбасы - мемлекеттігімізді қалыптастырған тарихи тұлға. Тәуелсіздік жылдары барлық салада теңдесі жоқ ауқымды жобалар жасалды. Елбасы идеясынан бастау алған іргелі жобалардың барлығы тікелей өзінің бақылауымен, басшылығымен жүзеге асырылды.

Қазақстанның дамуы мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси тұлғасына халқымыз ғана емес, әлем қайраткерлері де оң бағасын беріп келеді,- деді.

Одан соң бір топ азамат «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА - 25 ЖЫЛ» мерекелік медалімен және Облыс әкімінің Алғыс хатын алды. 

Ал "Ембімұнайгаз" АҚ басқарма төрағасы Есен ҚАЙРЖАН, Облыстық Мәслихат депутаты, «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Оразғали ҚАРШЕГЕНОВ, «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС бас директоры, құрылтайшысы Ибрагим АҚДРАШЕВ, «Сазанқұрақ» ЖШС бас директорының орынбасары Әлібек СЕМҒАЛИЕВ ҚР Президенті жарлығы бойынша «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» мерекелік медалімен марапатталды.

Тегтер: