25 Мамыр 20:20

Бір тәулікте екі үйді тонаған

Фото:

Алматы облысында бір тәулік ішінде екі үйді жалпы соммасы 5 миллион теңгеге тонаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  Қарасай аудандық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бір тәулік ішінде жеке үйлерде орын алған екі ұрлық дерегін ашты. Райымбек ауылдық округіндегі бау-бақша серіктестіктіктерінің бірінде орналасқан жеке меншік үйлердің екі иесі жеке мүліктерінің ұрланғаны жөнінде полицияға жүгінген. Екі деректе ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. – Айғақтар Алматы қаласының 23 жастағы тұрғынына алып келді. Күдіктіні ұстау кезінде одан ұрланған заттың көп бөлігі тәркіленді. Жеңіл олжаны іздеуші оның біраз бөлігін сатып та үлгерген. 20 мамыр күні күдікті өзінің достарынан “Тойота Ланд Крузер Прадо” маркалы автокөлігін алып, саяжайға келгендегі анықталды. Металл сынықтарын іздеу барысында көршісіне кірген ол, үй иесінің жоқ екенін байқап, ұрлық жасауға шешім қабылдаған. Оның іс-әрекеттерін ешкім бақылап тұрмағанына көзі жеткен күдікті, терезе торын бұзу арқылы үйге кіріп, электр тауарларын қолды қылған. Кейін ол бау-бақша серіктестігіне келіп, осыған ұқсас схемамен тағы бір үйді тонап, ұсталды, – деп хабарлайды Қарасай аудандық полиция басқармасының басшысы Асхат Данияр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Полиция ұрланған мүліктің жетіспейтін бөлігін іздеуді жалғастырып жатыр. Полицейлер сақтық шараларын естен шығармау керектігін еске салады.

 

Тегтер: