15 Желтоқсан 10:27

Бір тәулікте 661 адам коронавирус жұқтырды

Фото:

Коронавирус жұқтырғандар саны әр тәулік сайын артып келеді.

Алматы, NEGE. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 661 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 142 986 жетті. Оның ішінде: Шығыс Қазақстан облысында - 17890 (+60), Нұр-Сұлтан қаласында -17181(+47), Алматы қаласында - 17124(+74), Атырау облысында - 12146(+39), Қарағанды облысында - 11510(+32), Батыс Қазақстан облысында - 8607(+43), Павлодар облысында - 7805(+71), Солтүстік Қазақстан облысында - 7579(+70), Қостанай облысында - 6469(+72), Алматы облысында - 6264(+37), Ақмола облысында - 6275(+68), Шымкент қаласында -5439(+3), Жамбыл облысында - 4730(+30), Ақтөбе облысында -3585(+2), Түркістан облысында - 3547(+4), Маңғыстау облысында - 3510(+5), Қызылорда облысында -3325(+4). Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 142 986.

Тегтер: