24 Қараша 16:11

Билл Гейтс жаңа пандемия болады деп болжам жасады

Фото:

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс  үш жылдан, ең көбі 20 жылдан кейін жаңа пандемия болуы мүмкін деп болжады.

Алматы, NEGE. Хабар тарату барысында актриса Рашида Джонс кәсіпкерден жаңа пандемия болуы мүмкін бе деген сұрақ қойды, деп хабарлайды РБК.

— Иә. Егер жолымыз болса, ол 20 жылдан кейін басталады, — деп жауап берді Гейтс.

Бірақ ол жаңа эпидемиологиялық қауіп үш жылдан кейін туындауы мүмкін екенін ескертті.

Сондай-ақ Майкрософттың негізін қалаушы егер әлем қазіргі деңгейден сабақ алып, жаңа сынақтарға дайын болса, келесі пандемияның күші соншалықты жойқын болмауы мүмкін деп болжады.

Гейтс Оңтүстік Корея мен Австралияның коронавирустың таралуына қарсы шарасын атап өтті, олар өте тез сынақтан өтіп, жұқтырған адамдарды оқшаулады. Гейтс сондай-ақ басқа елдерге COVID-19 тестілеу әдістерінің тиімділігін арттыру қажет екенін де айтты.

—  Біз келесі жолы қазіргідей ақымақ болмаймыз, — деп қорытындылады Гейтс.

Тегтер: