USD
USD
USD

Биыл 7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

 2021 жылдың басынан бері 7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. 

Биыл 7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1 маусымдағы мәліметке сенсек, 6 935 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 77,3 мың этникалық қазақ оралды. Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан және 4,4% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,5%), Түркістан (15%), Маңғыстау (17,7%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (11%) қаласына қоныстанды.

1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі - 56,5%. еңбекке қабілетті жастан кішілер - 24% және зейнеткерлер - 19,5% құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 11,3% жоғары білімді, 39,5% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,7% білімі жоқ.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған