27 Қазан 19:20

Бес өңірде тұман түсіп, жел соғады

Фото:

28 қазан күні бірнеше өңірде ауа райының бұзылады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алматы, NEGE. Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жел соғады, күші 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының орталығында тұман күтіледі.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде 28-29 қазанда Қарағанды облысының орталығында, шығысында тұман болжанады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

 

Тегтер: