Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Белгілі кардиохирург қайтыс болды

Белгілі кардиохирург Серік Темірханұлы Бекбосынов 41 жасында қайтыс болды. Бұл туралы кардиохирургия орталығы мәлім етті.

Белгілі кардиохирург қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық мәліметі бойынша, Серік Темірханұлы - №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі және жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі.

Ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде Қазақстан кардиологтары қауымдастығымен марапатталған.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісімен, Ұлттық награда - «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

«Әріптестері мен пациенттері оны мейірімділігі мен кәсібилігі үшін жақсы көрді және құрметтеді. Жүрек орталығының ұжымы Серік Темірханұлының туған-туыстарына, жақындары мен достарына шын жүректен көңіл айтады. Ол туралы жарқын естеліктер жүрегімізде мәңгі қалады», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Отбасы банк ипотека бойынша ескі үйлерге қойылатын талаптарды жеңілдетті

Ипотека

​FIDE үшін бәсеке: Турловтың жеңісі Қазақстанның беделін арттыра ма?

Бизнесмен

Эль-Ниньо әсерінен әлемде тағы 50 млн-ға жуық адам аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ

Эль-Ниньо

«Торпедо» әйелдер хоккей командасының таратылуына қатысты басқарма жауап берді

спорт