Белгілі бас дәрігер вирустан қайтыс болды

16 қаңтар, 11:40
Белгілі бас дәрігер вирустан қайтыс болды
Фото: google.com

Талғар орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов коронавирустан қайтыс болды. 

Алматы, NEGE. Өткен жылы Талғар ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері мен әкімдіктің өкілдері дәрінің жетіспеушілігі, медициналық қызметтің сапасы тақырыбында тұрғындармен кездесу өткізген. Халықтың өзіне қойған сұрағын көтере алмаған бас дәрігер үстелді тоқпақтап, айғайға басқан еді. Ашулы бастық сол күйі жиналысты тастап шығып кетті. Осыдан кейін халықтың дені дәрігердің бұл қылығына сын айтып, әлеуметтік желі мен БАҚ беттеренде жиі талқыланды.

2005 жылдан бастап аурухананы басқарған 62 жастағы басшы коронавируспен 30 желтоқсаннан бері ауырып, күні бүгін жан тапсырды. 

«Кейде бәріміз ашуға бой алдырып, өзімізді ұстай алмай қалып жатамыз, бәріміз сүттен ақ судан таза емеспіз! Марқұмның қателігін, столды ұрғанын қайта-қайта жазып, құрметсіздік көрсеткеніміз дұрыс болмас! Біз кейбір адамның кемшілігін көреміз, бірақ жақсы жақтарын көрмеген болармыз, мүмкін бір жақсы ісі үшін Алла ол кісіні кешіріп қойған болар! Не болса да жаны жәнннәтта болсын!», – деп желі оқырмандары пікір жазуда.