2 Шілде 18:42

Бекшиннің кезекті болжамы: «Шырқау шегі тамызда болады»

Фото:

Алматының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қатысты биылға болжам жасады.

Алматы, NEGE. Бекшиннің болжамына сенсек, вирус таралуының шырқау шегі тамызда болады.

«Біздің болжауымызша, вирус таралуының шырқау шегі тамыздың басы мен ортасында, ал төмендеуі қыркүйектің қыркүйектің басында болады», – деді Ж.Бекшин.

Сондай-ақ ол бұған дейін журналистердің вакцина салғызуы міндетті екенін, өйткені олар да халыққа қызмет көрсету саласының өкілдері екенін айтқан.

Естеріңізге салайық, Алматыда жағдай ушығып бара жатқандықтан қоғамдық орындарға кірудің тәртібі қатаңдатылды.

Тегтер: