24 Қаңтар 17:31

Бейнебақылау мұғалімнің құқығын бұзбауы керек

Фото:

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысы ­өтіп, онда Премьер-министр А.Мамин 11 айда атқарылған жұмысын саралады. Бұдан соң президент Тоқаев әр саладағы шешімін табуы тиіс мәселелерді жіпке тізді. Біз тілге тиек етілген әлеуметтегі түйткілдерге назар аударып көрсек.

Бейнебақылау түгел қойылсын

Соңғы кезде арсыздар мектептердің маңайын торуылдайтынды шығарды. Бұған Тараздағы мектептің дәретханасында болған жайт дәлел. Осы оқиғадан кейін Президент өңір басшыларына барлық мектептер мен балабақшаларға бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды. Президент бұл мәселені тағы да пысықтап: «Таразда болған оқиға – нағыз масқара», – деді.

«Кейінгі жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу жағдайы көбейіп барады. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары да азаймай тұр. Үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен бірлесіп, мұндай теріс үрдістің алдын алу үшін шаралар қабылдау қажет. Осы мәселеге қатысты шетелдердің озық тәжірибесін қолдануға болады», – деді Президент Тоқаев.

Осы мәселеге байланысты Nege.kz тілшісі сарапшының пікірін білді.

Аятжан Ахметжанұлы, республикалық «Қазбілім» орталығының директоры:

  

Бейнебақылаудан да дәретхана маңызды

– Мектептерді бейнебақылау қондырғысымен толық қамту жөнінде тапсырма берілді. Көп жайт мектептің өз жағдайына келіп тіреледі. Яғни, дәретхананы ішке кіргізу деген мәселе бейнебақылау орнатудан да маңыздырақ. Өйткені, бейнебақылауды ішке қойғанмен, дәретхана сыртта болса, бұл мәселені шешпейді. Екіншіден, мектептің ішіне бейнебақылау орнату арқылы мұғалімнің кәсіби қызметіне нұқсан келтірмеу керек. Яғни, мұғалімді қорқытып-үркітетін жағдайлар да кездеседі.

Ал мұғалімнің жалақысы тиісті деңгейде көтеріліп жатыр. Ендігі мәселе – нағыз үздік мұғалімдерге көңіл бөлу керек. Өйткені, білікті кадр жоғары жалақы алуы керек. Бәсеке болмаған жерде білім сапасы көтерілмейді.

Тегтер: