26 Қараша 16:42

«Баянауылдың туристік әлеуеті жоғары»

Фото:

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының басшысы Әбілқайыр Сқақов Nege.kz сайтының тілшісінің өңірдегі туризмді дамытуға қатысты қойған сауалына осылай жауап берді.

Алматы, NEGE. Биылғы жылы да Павлодар өңірінде туризмді дамытуды дұрыс жолға қою жоспарланған.

"Баянауылдың әлеуеті өте жоғары. Биылғы жылы да Баянауыл өңірінде туризмді дамыту жоспарланған. Жоспарланған жұмыстардың бір бөлігін жүзеге асырдық. Өкінішке қарай, пандемияның кесірінен туристерді көптеп тартуға мүмкіндік болмады. Соған қарамастан, Жасыбай көлінде демалушыларға арналған туристік инфрақұрылымдарды жүзеге асырдық. Бұл түсінікті жағдай, бағдарлама ұзақ мерзімге негізделген. Біз Баянауылда кешенді туризмді дамыту үшін стратегиялық инвесторлардың керек екенін көріп отырмыз", – деді өңір басшысы.

Инфроқұрылымға сай келетін қонақ үй салу туристерді тарту үшін және сапалы қызметін ұсынатын кәсіпкерлер үшін аса қажет.

Сонымен қатар, біздің жоспарымыз бойынша экотуризмді, тарихи орындарды, су туризмін дамытудың болашағы зор деп ойлаймыз. Демалушылар жылдың кез келген мерзімінде келе алатындай жағдай жасауымыз қажет. Күн жылы кезде көл жағасында демалуға, қайықпен қыдыруға мүмкіндік бар. Қыс мезгілінде шаңғы спортын дамытуға арналған кешендер салуға болады. Мұның барлығы жоспарымызда бар. Болашақта осының барлығын жүзеге асырып, Баянауылдың әлеуетін арттырамыз деп ойлаймын", – деді Ә.Сқақов.

Тегтер: