10 Мамыр 13:11

Батыс Қазақстанда тағы алты адам коронавирустан жазылып шықты

Фото:

Батыс Қазақстан облысында тағы алты адам коронавирустан жазылып шықты. 

Алматы, NEGE. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, олардың үшеуі – Тасқала ауданының тұрғындары. Сондай-ақ бір-бір адамнан Орал мен Тараз қаласы және Теректі ауданынан. «Бәрінің де жағдайы қанағаттанарлық. Бақылау сынамалары олардың коронавирустан айыққандығын көрсетті», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Ахметова. Осылайша БҚО-да емделіп шыққандар саны 86-ға жетті.  

Тегтер: