USD
USD
USD

Бас мүфти мақтааралдық үш отбасыға баспананың кілтін табыс етті

 Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы су тасқыны болған Мақтаарал ауданына келіп, тұрғындармен кездесті.

Бас мүфти мақтааралдық үш отбасыға баспананың кілтін табыс етті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев Бас мүфтиге су алған ауылдар мен эвакуациялық бекеттерде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды. Наурызбай қажы Тағанұлы Мақтаарал ауылдық округі мен Атакент кентіндегі эвакуациялық бекеттерде болып, сонда уақытша орналастырылған тұрғындарға ауызашарға арнап «Рамазан тәттісін» ұсынды. Алып келген 30 тонна ұнды орталық қоймаға табыстап, облыстық қайырымдылық қорына көмек ретінде аударылатын 10 млн теңгенің сертификатын табыстады.

«Апат айтып келмейді. Жаратушы бізге осындай сынақ берген екен. Ендеше сабыр сақтай отырып, сынан сүрінбей өтуді жазсын деп тілейік. Өздеріңіз білетіндей, еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген көмек арқылы барша халық қолдау танытып жатыр. Көмек қолын созып мақтааралдықтармен бірге екенін білдіріп жатқан барлық азаматтарға Алла разы болсын. «Әрбір істің қайыры болады» демекші Алла қаласа Үкімет тарапынан салынып жатқан су жаңа үйлерге қоныстанатын боласыздар. Бұдан кейін қуанышты күндер көп болсын», - деді Бас мүфти. Сапар соңында Наурызбай қажы Жетісай ауданында болып, «Баспанаға жол» қайырымдылық қоры есебінен салынған 3 бірдей үйдің кілтін әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға салтанатты түрде табыс етті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылға жетеді – Энергетика министрлігі

Көмір

Екі төреші Қазақстан Премьер-лигасының матчтарынан уақытша шеттетілді

Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова

Желіде жағымсыз пікір қалдыру жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін – Бас прокуратура

Смартфон

Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді

жол апаты