USD
USD
USD

Бас әскери прокуратураның қызметкері мас күйінде көлік жүргізген

Тәртіп сақшыларының күдігі бекер емес екен. Расында мемлекеттік тіркеу нөмері «499 RKO 01» автокөлік жүргізушісі Мадияр Елемесовтің рөлге  мас күйінде отырғаны анықталды.

Бас әскери прокуратураның қызметкері мас күйінде көлік жүргізген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Арада 2 ай өткен соң елорда сот Мадияр Асқарұлының ісін қарайды. Процесс барысында жүргізуші өз кінәсін мойындап, өзінің Бас әскери прокуратурада жұмыс істейтіндігін айтқан. Сәйкесінше әскери қызметкерлер мен судьялар қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілік тартылмайтындықтан құзырлы органның қызметкері көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Көп ұзамай істі жүргізген судья автомемлекеттік нөмірін шатастырып алғандықтан істі қайта қарайды. Сол кезде Мадияр Елемесов көлігін жалған нөмермен тізгіндегені анықталды. Алғашында бас әскери прокуратура қызметкерінің қызмет бабымен оперативті номермен жүру мүмкіндігі де айтылған. Дегенмен судья оны жалған номер деп таныды. Осылайша елорда көшесінде түнде ішімдік ішіп рөлге отырған құзырлы орган қызметкеріне 58 мың теңге көлемін айыппұл салынды.

 

 

 

Қазір оқып жатыр

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.

FIFA әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның көгалын бөлшектеп сатуға кірісті

.

Астанадан Дубайға ұшқан рейс кері қайтарылды

Air Astana