Бәрін кеш түсінген әкім news video

13 наурыз, 11:51

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көктөбе ауылының әкімі Болат Жасыбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

Алматы, NEGE. «Әкім балағаттап жатыр» деген хештегпен әлеуметтік желіде тараған бейне қоғаамда қызу талқыға түсті. Экс-әкім видеоүндеу жариялап, оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Төле би және Алмалы ауылдарына ауыз суын тарту мәселесі қозғалған кезде болғанын айтты. Болат Жасыбаев өзін ұстай алмағаны үшін кешірім сұрап, неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндірді. 

«Ауыл тұрғындары мейрам күндері менің немен айналысқанымды, қандай жағдайда жүргенімді біледі. Күні бойы су құбырының жөндеу жұмыстарымен және ауыз сумен қамту мәселесімен жүрдім», – деді ауыл әкімі.

Алматы облысы баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл әкімінің қызметінен босату туралы өтініші негізінде аудан әкімі тиісті бұйрық шығарды.