USD
USD
USD

Бәрі өзіміздікілер: Павлодарлық волейбол клубтары құрамына тек жергілікті спортшыларды алды

«Павлодар» ерлер клубы толықтай жергілікті тәрбиеленушілерді алса, «Ertis» әйелдер клубында Ресейден шақырылған волейболшы қыз бар. Ол спорттық ережелерге сәйкес легионер болып есептелмейді. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов волейбол клубтарының ойыншыларымен және қызметкерлерімен кездесті.

Бәрі өзіміздікілер: Павлодарлық волейбол клубтары құрамына тек жергілікті спортшыларды алды
Фото: NEGE.kz

Өңірлік волейбол федерациясын басқаратын әкім «Баянтау» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер командаларының жаттығуына барды. Биыл клуб құрамын жаңартып, павлодарлық волейболдың тәрбиеленушілеріне үміт артып отыр. Спорт функционерлері командаға еліміздің өзге өңірлері үшін ойнаған павлодарлықтарды да тартып алды. 

- Біз жылдар бойы өзге клубтар үшін ойнаған спортшылардың қайта оралғанына қуаныштымыз, - деді облыстық волейбол федерациясының вице-президенті Аманжол Әубәкіров. - Осы құраммен команда ел чемпионатының медальдері үшін күресе алады деп ойлаймын. 

Спортшылар мен клуб қызметкерлері   турнирлік жарыстар көрермендердің қатысуымен өтеді деп үміттенеді.    Әбілқайыр Сқақов мұндай жағдайда қалада өтетін ойындарды трибунадан тамашалауға уәде берді. Әкім ерлер мен әйелдер командаларына табыс тілеп, қолдау көрсететінін айтты. Волейболшылар өз кезегінде аймақ басшысына барлық ойыншылардың қолтаңбасы бар доп сыйлады. 

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана