10 Маусым 17:15

Балалардың КВИ-мен туылу деректері де бар

Фото:
Күн сайын Нұр-Сұлтанда COVID-19 дертін отбасы болып жұқтыруда, тіпті балалардың коронавирус инфекциясымен туылу деректері бар, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Инфекцияның жаңа ошақтары байқалады, бұл отбасылық ошақтар, күн сайын біз ауруды жұқтырған отбасының екі немесе кейде 5-7 мүшелерінен вирус анықтаймыз. Отбасылық мерекелерді өткізу кезінде індет жұқтырғандар байқалды, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Кейбір адамдардың санитарлық нормаларды сақтамаған жауапсыз әрекеттері кішкентай балалар, қарттар мен жүкті әйелдері бар отбасының барлық мүшелерінің жұқтыруына әкеліп соғады. Тіпті Covid-19 диагнозымен түскен жүкті әйелдің сәбиі де Covid-19-пен туған кездері болды», - деп хабарлады сәрсенбіде Нұр-Сұлтанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова сәрсенбі күні.
Ол «балаларды аналарынан бөлек ұстауға тура келетінін» атап өтті.
«Егер кейбір адамдар өз денсаулығын күтпесе де, жақындарын ойлалуы тиіс. Тәжірибе созылмалы ауруы жоқ, дені сау адамның өзі коронавирустан жатып қалуы мүмкін екенін көрсетіп отыр, ағза инфекциямен күресе алмаған соң жасанды желдеру аппаратына қосуға тура келді. Ешбір жағдайда өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Оның ақпарынша, барлық инфекция жұқтырғандардың 75%-ы 18 бен 59 жас аралығындағы топқа келеді.
Қалалық әкімдікте нақтылағандай, коронавирус пандемиясы басталғаннан бері Нұр-Сұлтанда 2543 адам инфекция жұқтырды: 34 науқастың жағдайы ауыр, оның 12-сі өте ауыр жағдайда, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, 10 науқас індеттен көз жұмды. 1679 науқас (66 %) жазылып шықты.
«Санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек: аса қажеттілік болмаса адам көп жиналатын жерлерге бармау, қоғамдық орындарда маска киіп, арақашықтық сақтап және антисептик пайдалану керек. Коронавирус жұқтыру қаупі әлі жойылған жоқ», - деп ескертті Қисықова.

Тегтер: