28 Сәуір 19:48

Бақташы бағып жүрген қойларын иесінен жасырып сатып келген

Фото:

Түркістан облысының полицейлері иесінен жасырып, қойын сатып жүрген бақташыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында мал жайылымға 500-ден астам қойын тексеруге барғанында, қой мен қозысы жоқ болып шыққанын жеткізді. Оқиға орнына жеткен полицейлер қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Куәгерлерден жауап алу барысында, бұл қылмысқа жәбірленушінің малын сеніп тапсырған бақташысының қатысы бары анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында бақташы қой мен қозыны Сарығаш ауданындағы танысына 35 000 теңгеге сатып жібергені белгілі болды. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланған малдарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда бақташы мен сатып алушы Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті міндеттеме арқылы босатылды. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздеріңіздің мал-мүліктеріңізді жақын таныс емес адамға сеніп тапсырмауды ескертеді.
 

Тегтер: