22 Қаңтар 18:44

Бақауовты босатпайтын болды

Фото:

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов сотқа дейін қамауда қалатын болды. Апелляциялық сот Бақауовты үйқамаққа шығару немесе кепілмен босату туралы өтінішті қанағаттандырмады.

Алматы, NEGE. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Әнел Құсайынова былай деп хабарлады: «Бақауовты қамауда қалдыру туралы қаулы өзгерген жоқ. Адвокаттардың жеке шағымы қанағаттандырылмады.

Хатшының сөзіне қарағанда, сот құжаты күшіне енген. «Апелляциялық қаулы жарияланған күннен бастап, яғни 2020 жылдың 20 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді. Құжат талқыланбайды, прокурордың сұрауымен қайта қарауға, қарсылық танытуға жатпайды» деді ол.     

Тегтер: