27 Мамыр 14:11

Бақауовқа қатысты сот үкімі шықты

Фото:

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа қатысты сот үкімі шығып, оның 3,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Алматы, NEGE. Павлодардың №2 сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков мынадай үкім шығарды:

«Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") бойынша айыпты деп танылды. Соттың үкімімен ол 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды».

Бұған қоса Бақауов 100 сағат қоғамдық жұмыспен айналысады, көңіл көтеру орындарына бармайды және пробация қызметінде есепте тұрады. Сондай-ақ тергеу кезінде одан алынған 10 мың доллары қайтарылды.

Бақауовтың өзі тағайындалған жазамен келісті. Өйткені ол бұған дейін процесуалдық келісім жасасып, кінәсін толық мойындаған болатын.

Тегтер: