USD
USD
USD

Байтасовтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Алматы мәслихатының сессиясында депутат Аоманжан Байтасовтың өкілеттігі тоқтатылды. 

Байтасовтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласының мәслихаты мәлімдегендей, депутаттың өкілеттігі оның жеке өтініші негізінде тоқтатылған.

Бұл шешімді Арманжан Мерекеұлы еліміздің және шекаралас мемлекеттердің аумағында жүзеге асырылатын ауқымды медиажобаны іске асырумен түсіндірді.

Арманжан Байтасов «Nur Otan» партиясының мандаты бойынша сайланғандықтан, партияның қалалық филиалы бюросының шешімімен белгілі құрылысшы, Қазақстан Құрылыс саласы одағының басқарма төрағасы Ералы Сауранбаев Арманжан Байтасовтың орнына мәслихат депутаты болып сайланды.

Мәслихаттың кәсіпкерлікті, инновацияларды, ақпараттық технологияларды және креативті индустрияны дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып депутат Қайрат Құдайберген сайланды.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер