12 Мамыр 18:50

Байқоңырдан «Протон» зымыранын ұшыру қашан тоқтатылады?

Фото:

2026 жылы Байқоңырдан «Протон» зымыран-тасығышын ұшыру тоқтатылады. Бұл туралы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Алматы, NEGE. «2016 жылы (Ресей - авт.ескерт.) жыл сайын «Протон» зымыран-тасығыштары бес реттен артық ұшырылмайтыны туралы келісім жасалған және ол 2026 жылға қарай мүлде тоқтатылады», – деді Мусин мәжілістің жалпы отырысында.

Ол Ресей 2020 жылы Байқоңырдан «Протон» зымыран-тасығышын тек бір рет ұшырғанын, ал 2021 жылға арналған ұшыру жоспары әлі алынбағанын айтты.

Тегтер: