13 Желтоқсан 17:47

Байқоңырда карантин 28 желтоқсанға дейін ұзартылды

Фото:

Байқоңыр қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша шектеу шараларының режимі тағы екі аптаға созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы. NEGE. «Байқоңыр» кешенінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ұсыныстарына сәйкес және қала әкімшілігі басшысының қаулысы бойынша карантин 2020 жылғы желтоқсан айының 28-іне, сағат 00:00-ге дейін созылады. Қолданыстағы шектеу шаралы сақталып қалады, деп хабарлайды жедел штабтан. Ресей Федералдық медициналық-биологиялық агенттігі «Байқоңыр» кешенінің Аймақтық басқармасының мәліметінше, бүгінде Байқоңыр қаласының аумағында коронавирусқа шалдығудың 1113 оқиғасы тіркелген. Статистикаға сәйкес, соңғы екі аптада 23 адам ауру жұқтырған. Бүгінде инфекциялық стационарда 11 адам ем қабылдап жатыр, 2020 жылғы 1 маусым мен 11 желтоқсан кезеңі аралығында стационардан 509 адам шығарылды. Өлім оқиғаларының саны екі айда өскен жоқ (69 адам).

Тегтер: