15 Мамыр 07:00

Байбек пен Мамай арасындағы сот: Бауыржан Байбек сотқа қатысты ма?

Фото:

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында Nur Otan партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек пен Жанболат Мамай, Инга Иманбай арасындағы сот ісі басталды.

Сотқа Жанболат Мамай, Инга Иманбай, адвокаттары Нұрпейісов пен Түсіпова қатысты. Бауыржан Байбек сот отырысында бой көрсеткен жоқ. Оның атынан адвокат Айжан Ташенова қатысты. 

Сот отырысы онлайн өткендіктен, техникалық ақауларға байланысты кешігіп басталды. Жанболат Мамай мен Инга Иманбай видео байланысқа шыға алмады. Видео байланыс орнату барысында біраз қиындықтар туындады. Кейін сот отырысы WhatsApp желісі арқылы өтті.

Бұған дейін фейсбук әлеуметтік желісінде Инга Иманбаева сот отырысына қатысқысы келетіндер үшін ондай мүмкіндік беруге дайын екендіктерін жеткізген болатын. Жанболат Мамайдың кеңсесінде өткен онлайн сот отырысына бірнеше адам қатысты.

Сот отырысы орыс тілінде өткендіктен, Судья Жанболат Мамай мен Инга Иманбайдың қазақ тілінде сөйлеуін сұрады. Алайда олар тек қазақ тілінде ыңғайлы екенін және орыс тілін түсінгендіктен аудармашы қажет емес екенін жеткізді.

Жанболат Мамай мен Инга Иманбайдың адвокаттары іс материалдарын алмағандарын және алдын ала онымен таныспағандарын алға тартты.

Сот отырысы 19 мамыр сәрсенбі күні сағат 15:00-ге ауыстырылды. Ал адвокаттар дүйсенбі күні іс материалдарымен танысулары керек.

Техникалық ақауларға байланысты, БАҚ өкілдері сотқа толық қатыса алмады. Сол себепті Инга Иманбаева келесі сот отырысын, ZOOM платформасында өткізу керек деген ұсынысын айтты.

Жанболат Мамай сотқа Бауыржан Байбектің де қатысу керек екенін айтты.

Тегтер: