1 Қаңтар 17:23

Ажырасқандар саны көбейді

Фото:

Чехияның отбасылық психологтары коронавирус індетінің кесірінен мыңдаған адам ажырасқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Мамандардың айтуынша, ерлі-зайыптылардың кейбірі оқшаулануға төзе алмаған. Әйелдердің көбі күйзеліске ұшырап, жүйке ауруларына шалдыққан көрінеді. Әлеуметтанушылар мәліметінше, Чехияның әр жетінші үйелмені қиындыққа шыдамай, ажырасып кеткен. Осы жағдайдан кейін Прагада психологтар кеңесі құрылды.

Бұл ұйым отбасыларды қайта татуластыруға тырысады. Чехияда соңғы алты айда неке қиюдан гөрі ажырасу саны күрт артқан. Бұл дерек әлеуметтік қорғау бөлімдеріне тапсырылды. Осы ретте жергілікті психологтар отбасыларға қолдау көрестуді ұйғарды. Олар арнайы гильдия құрып, оған 63 маман кірді. Желтоқсан айының ортасынан бастап олар ажырасып кеткен 400-дей отбасымен кездесті.

Тегтер: