28 Қараша 17:46

Азаматтық форумның қорытындысы шықты

Фото:

Қазақстанның IX Азаматтық форумының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. 

Алматы, NEGE. 27 қарашада «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» серіктестік пен дамудың 30 жылы» атты IX Азаматтық форумы пленарлық сессиясы өтті.

Пленарлық сессияның ашылуында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев мемлекет азаматтық қоғамның тұрақтылығын арттыруға жәрдемдесе беретінін атап өтті.

«Біз Қазақстан азаматтары емін-еркін қауымдастықтарға біріге алуына жан-жақты қолдау көрсете беретін боламыз және мұны негіз қалаушы конституциялық құқығы ретінде қарастырамыз. Ол Қазақстанның саяси жаңғыруының және ілгері қарыштайтын қоғамдық прогресінің маңызды шарты саналады. Сондықтан біз бүгіннен-ақ заңнамамызды өзгертіп, қоғамдық кеңестердің, азаматтық қоғамдық бақылаудың, еріктілердің қызметін күшейтуге бағытталған жаңа заң жобаларын әзірлейміз», – деді Қ.Көшербаев.

Тегтер: