28 Желтоқсан 19:18

Аяз атаны үйге шақыруға неге болмайды?

Фото:

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова Жаңа жыл кезінде неліктен аяз ата мен ақшақар шақыруға болмайтынын түсіндірді.

Алматы, NEGE. ОКҚ брифингінде журналистер Жаңа жыл кезінде балаларды құттықтау үшін аяз ата мен ақшақарды шақыруға неліктен рұқсат берілмейтінін сұрады.   

«Бүгінде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап кетпеуі үшін шара қолданылып жатыр. Қаулы бойынша, корпоратив шара мен ертеңгілік жасауға тыйым салынған. Сәйкесінше КВИ статусы белгісіз аниматорларды шақыруға болмайды. Коронавирустың 30 пайызы ешқандай белгісіз болатынын тағы бір еске салғым келеді», – деді Есмағамбетова.  

Ведомство басшысы жаңа жыл түнінде аяз ата мен ақшақар бірнеше үйді аралайтынын еске салды.

«Инфекцияны тарату мен жұқтыру қаупі артады. Сондықтан бұл шараның жөні бар. Ол эпиджағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді», – деді ведомство басшысы. 

Тегтер: