26 Сәуір 19:19

Ауызашар жасағандар жауапқа тартылады

Фото:

Рамазан айының бірінші күні Шымкент қаласының тұрғындары төтенше жағдай режимін бұзды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Осы жылдың 24 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында карантин режимінде тәуліктің кешкі уақытында жиналып ифтар ұйымдастырып отырған деструктивті діни ағымдарға бейімді адамдар тобын анықтады. Төтенше жағдай режимін бұзған 11 азамат полицияға жеткізілді. Әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Барлық құқық бұзушылық жайттары бойынша әкімшілік материалдар жиналып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына қарауға жолданды. Бұл бап 10 АЕК айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау түріндегі жазаны қарастырады.

Тегтер: