19 Мамыр 19:16

Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Фото:

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрбек Слямханұлы Дайырбеков берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы Новосибирск мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау инстиутын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.

2019 жылғы сәуірден қарашаға дейін — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2019 жылғы қарашадан бастап қазірге дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.

Тегтер: