29 Сәуір 08:38

Ауа райы: 7 облыста ескерту жарияланды

Фото:

 Қазгидромет ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 7 облысында ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. 29-30 сәуірде Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз 30 сәуірде бұршақ жаууы мүмкін. 29 сәуірде күндіз, 30 сәуірде тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. 29 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз 29 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. 29 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 29 сәуірде күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 сәуірде Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, түнде тұман күтіледі. Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 29 сәуірде Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с болады. 29 сәуірде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады,күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 29 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан қаласында 29 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 29 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Тегтер: