9 Қаңтар 09:21

Атырауға сенаторлар келді

Фото:

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Атырау өңіріндегі жұмыс сапарларын қорытындылады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Г.Дүйсембаев пен С.Лұқпанов облыстық, қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, іс-сапар барысын қортындылады. Жиын барысында сенаторлар облыстың кейбір проблемалалық мәселелеріне тоқталып, оларды шешуде қандай қадамдар жасалуда екендігін айтты.
Халық қалаулылары газдандыру мәселесіне тоқтала келе «30-40 шақты тұрғын үй болса да, ауылды сақтап қалу маңызды екендігін, сондықтан проблемалық мәселелерді дер кезінде шешудің артықшылығын» атап өтті. 

Жайық өзенінің экологиялық жағдайын жақсарту - депутаттар көтеріп жүрген басты мәселенің бірі. Облыстық, қалалық мәслихат депутаттары сайлаушылармен кездесу барысында көтеріліп жүрген аталған проблеманы  сенаторлардың назарына ұсынды. Сенат депутаттары көтерілген мәселелердің ешқайсысы аяқсыз қалмайтындығын, зерттеліп, қорытындысы хабарланатындығын мәлім етті.

Айта кету керек, Сенат депутаттары өңірге арнаған бір апталық сапарларында Исатай, Мақат, Қызылқоға аудандарында болып, облыстағы ірі кәсіпорындардың жұмыс жағдайымен танысқан болатын.

Тегтер: