13 Қараша 13:57

Атыраудың балық өнімдері шет елдерге таныла бастады

Фото:

"Атырауда жасалған" брендімен шығарылатын балық өнімдері шет елдерге таныла бастады.

Алматы, Nege. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балық шаруашылығы саласына үлкен қолдау көрсетілуде. Қазір облыста 18 өндірістік кәсіпорын балық аулаумен және оны өңдеумен айналысады. 10 айда 7 300 тонна балық ауланып, өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11,5 пайызға өсім көрсетті», - деді өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Махамбет Досмұхамбетовтің дерегінше, ауланған балықтың 81 пайызы шетелдерге экспортқа шығарылған.

«Атырауда жасалған» брендімен шығарылатын балық өнімдері шетелдерге таныла бастады. Бекіре балықтары өсімін қамтамасыз ету мақсатында Атырау қаласындағы 2 бекіре зауыты жылына теңізге 7,5 млн шабақ жіберіп отыр, - деді Атырау облысының әкімі.

Тегтер: