Атырауда жол апатынан 5 адам қаза тапты

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, жол апатынан 5 адам қаза тапты.
Алматы. NEGE. ҚазАқпарат таратқан ақпаратқа қарағанда, жол-көлік апаты бүгін, 14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында болған.
«Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданына қатынайтын тас жолдың 15 шақырымында екі көлік соқтығысты. Оның бірі – Армения Республикасында тіркелген Honda Odessey, ал екіншісі – Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған «ВАЗ-2115» автокөлігі. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ-2115» автокөлігінің 1996 жылғы жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Ал екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Жол апатынан жарақат алған жолаушы ауруханада көз жұмды», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды.