5 Желтоқсан 15:53

Атырауда тәулік ішінде 18 адамнан вирус анықталды

Фото:

Атырау облысында өткен тәулікте 18​ ​ адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы,  NEGE.  Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 6-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 9 жұмысшыдан, Жылыой, Құрманғазы, Мақат аудандарынан бір​ ​ адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 4-інде ауру симптомды түрде өтуде.

Айта кетейік, соңғы мәліметке сәйкес, коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар тіркелмеді.
Қазіргі уақытта 154​ ​ адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда​ ​ 36 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 5, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 119 адам ем қабылдауда.

Тегтер: