8 Қаңтар 15:05

Атырауда коронавирус жұқтырғандар анықталды

Фото:

Атырау облысындағы Теңіз кеніші мен барлық ауданда коронавирус жұқтырғандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау, NEGE. Атырау облысында 7 аудан бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте өңірдегі аудандардың бәрінде, сондай-ақ Теңіз кенішінде 107 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. «Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 27-сі Атырау қаласында тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде - 59 жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 4, Қызылқоғада – 1, Индерде – 3, Махамбетте – 2, Исатайда – 1, Мақатта – 1, Құрманғазы ауданында 9 адамнан Сovid-19 анықталды. Оның ішінде 16 науқаста коронавирус симптомды түрде өтуде» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметін. Өткен тәулікте 168 адам қауіпті індеттен сауығып шыққаны белгілі болды. Ал үй жағдайында 317 адам үй жағдайында емделуді жалғастыруда. Облыстық инфекциялық стационарда - 95, аудандардағы стационарларда - 26, Теңіз кенішіндегі стационарда 790 адам емделіп жатыр.

Тегтер: