6 Мамыр 09:38

Атырауда коронавирус жұқтырған келіншек сәбиін босанғаннан кейін көз жұмды

Фото:

Осыдан бір ай бұрын 2-Атырау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар ауруханасында бала босанған әйел коронавирустық инфекциядан қайтыс болды, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Алматы, NEGE. "7 сәуірде балаға тыныс жетпей жатқанын анықтадық. Аймақтық сарапшылар тобы мен республикалық мамандардың ұсыныстары бойынша жедел түрде кесар тілігін жасау туралы шешім қабылданды. Салмағы 1490 грамм және бойы 41 см болатын шала туылған қыз дүниеге келді ", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Науқас босану кезінде және босанғаннан кейін жұқпалы аурулар ауруханасында болған. Бірақ 13 сәуірде қарқынды терапия аясында жүректің тоқтауы орын алды. Әйелге - өте ауыр дәрежедегі коронавирустық инфекциясы, екі жақты полисегментті пневмония диагнозы қойылды. 

Жаңа туылған нәрестеге алғашқы реанимациялық шаралар қабылданғанып,  содан кейін бала облыстық перинаталдық орталыққа жатқызған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Баланың жағдайы ауыр. 

Тегтер: