26 Қараша 18:37

Атырауда емханадан өрт шығып 45 адам эвакуацияланды

Фото:

Атырауда емханадан өрт шығып, 45 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Алматы, NEGE.  «Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік пультіне бүгін сағат 12:34-те Атырау қаласының «Алмагүл» шағын ауданындағы №7 емхананың ғимаратында түтін шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер емхананың 3-қабатындағы терапия бөлімі меңгерушісінің кабинетінде дербес компьютердің жанғанын анықтады.

Емхана ғимаратынан 45 адам, оның 6 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт электр желісінің қысқа тұйықталуынан шыққан», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалын сағат 12:45-те ауыздықталып, сағат 12:49-да толық жойылды. Өртті сөндіруге департаменттің 20 қызметкері мен 6 техникасы, апаттық медицина орталығынан 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.

Тегтер: