30 Маусым 16:45

Атырауда 400 орындық инфекциялық стационар ашылады 

Фото:

Атыраудағы облыстық ауруханадан 400 орындық инфекциялық стационар ашылады. Ондағы барлық бөлім басқа медициналық мекемелерге көшіріледі.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ мұнда келген науқастарды қабылдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ғимарат алдында арнайы шатыр құрылып жатыр. Сол жерде медицина мамандары ауырып келгендерге арнайы көмек көрсетеді. Бұл жұмыстар науқастардың сарылып кезек күтіп қалмауы үшін жасалмақ. Сондай-ақ қазір шаһардағы кардиологиялық орталықта 70 провизорлық орын бар. Қалаға қарасты Геолог кентіндегі емхананы түгелдей провизорлық стационарға айналдыру жұмыстары басталған. Әрбір емхана жанынан дәл осындай 20 орын қарастырылады. Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында пневмония диагнозымен 321 науқас тіркелген. Оның 82,3 проценті медициналық мекемелерге жатқызылды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова: "Қаламыздағы, аудандардағы емханалар жанынан провизорлық стационарларды бір-екі күнде іске қоспақбыз. Бұл індеттен өзге халық арасында өкпенің тез қабыну әрекеттері көрініс беріп жатқандығына да куә болып отырмыз", - деді.

Тегтер: