Атырау облысында 2 тонна балық қырылды

10 мамыр, 17:53

Фото: ғаламтордан

 Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2 тонна қаракөз балығы қырылды. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті ақпарат таратты. 

Алматы, NEGE. «Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері 9 мамырда рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде Шарон өзенінен шыққан жыра аумағындағы қамыстар арасынан қаракөз балықтарының қырылу фактісі анықталды. Аталған аумақта қырылған шамамен 2 тонна балық жергілікті атқарушы орган және Құрманғазы балық инспекциясының қызметкерлерімен жерге көму арқылы жойылатын болады. Қазіргі уақытта бұл жұмысқа ау құралдары, тарнспорт пен жұмысшы күші тартылуда», - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Балықтардың қырылуына Шарон өзеніне өр суының кеш келуіне байланысты балық шабақтарының ағысқа қарсы жүзе алмауы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар хабардар етілген. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 3 тоннадан астам балық құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілген болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации