30 Қараша 18:21

Атырау мектептерінде заң бұзушылық анықталды

Фото:

Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша 14 өрескел, 18 елеулі, 3 болмашы заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Алматы. NEGE.  Бұл жөнінде Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Болат Атыбай Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

-2020 жылы Атырау облысында 19 бастауыш, негізгі орта және орта білім беру ұйымдарына профилактикалық бақылау жүргізілді. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша 14 өрескел, 18 елеулі, 3 болмашы заң бұзушылық анықталды. Мектеп әкімшілігіне 6 ай ішінде тәртібін түзетуге мүмкіндік беріледі. Қателік түзелмеген жағдайда әкімшілік жазаға тартылады, - деді Болат Атыбай.

Тегтер: