22 Мамыр 21:41

Атақты Пакьяо Спенспен жекпе-жекке шығады

Фото:

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша әлем чемпионы 66,68 келіге дейінгі салмақ категориясында филиппин Мэнни Пакьяо Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) және Халықаралық бокс федерациясы (IBF) нұсқалары бойынша әлем чемпионы америкалық Эррол Спенмпен 21 тамызда жекпе-жекке шығады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы филлипиндік өзінің Instagram парақшасында жазды. Айқас Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтеді. 42 жастағы Пакьяо қоржынында 62 жеңіс (39-ы нокаутпен), жеті жеңіліс және екі тең есеп бар. 2016 жылы ол карьерасының аяқталғанын жариялаған еді, бірақ Филиппин Сенатына сайланғаннан кейін спортқа қайта оралды. Ол Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы үшін күресте америкалық Джесси Варгасты ұпай саны бойынша жеңді. Содан бері филиппиндік тағы төрт жекпе-жек өткізіп, үш рет бсым түссе, бір рет сүрінді.

Сонымен қатар WBA титулын иеленіп, оны екі рет қорғады. 2021 жылдың қаңтарында WBA басшылығы оны мансабындағы ұзақ үзіліске байланысты «демалыстағы чемпион» « етіп тағайындады. Пакьяо соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың шілдесінде өткізді. Ал 31 жастағы Спенстің қоржынында 27 жеңіс (21-і нокаутпен) бар, жеңіліске ұшырамаған.

Тегтер: