USD
USD
USD

Астықты сатып алу бағасы жарияланды

Азық-түлік корпорациясы астықты сатып алу бағасын жариялады. 

Астықты сатып алу бағасы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Азық-түлік корпорациясы астықты сатып алу бағасын жариялады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ форвардтық сатып алу шарттары бойынша астықты қайтаруды қамтамасыз ету үшін келесі бағаларды жариялады:

3-сыныпты бидай (дән маңызының 23%) – 103 000 теңге ҚҚС қосылған;

3-сыныпты бидай (дән маңызының 25%) – 105 000 теңге ҚҚС ҚҚС қосылған;

3-сыныпты бидай (дән маңызының 27%) – 107 000 теңге ҚҚС қосылған;

4-сыныпты бидай - 98 000 теңге ҚҚС қосылған;

5 сыныпты бидай - 90 000 теңге ҚҚС қосылған;

сыныпсыз бидай - 85 000 теңге ҚҚС қосылған;

2 сыныпты арпа - 87 000 теңге ҚҚС қосылған.

Азық-түлік корпорациясы ағымдағы нарық конъюнктурасына сәйкес нарықтық баға белгіледі, бұл ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге қуаңшылық пен өнімділіктің жалпы төмендеуіне байланысты шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.

2021 жылғы жарияланған астықты сатып алу бағасы 2020 жылғы сатып алу бағасынан 24% - ға жоғары.

2021 жылғы астықтың барлық көлемі ішкі нарыққа түпкілікті өнімге бағаны тұрақтандыру мақсатында тіркелген баға бойынша ұн зауыттарына, құс және мал шаруашылықтарына жіберілетін болады.

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрт оқшауланды

.

«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

.

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық