Астанада екінші ауысымдағы 0-7 сыныптар мектепке бармайды

25 қараша, 11:36
Астанада екінші ауысымдағы 0-7 сыныптар мектепке бармайды
Фото: Ғаламтордан

Елорда мектептерінде екінші ауысымдағы 0-7 сыныптар онлайн оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды қалалық Білім басқармасы.

Алматы, NEGE. «25 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі», - делінген хабарламада.