28 Сәуір 16:45

Астанада 15,5 мыңнан астам адам тестілеуден өтті

Фото:
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа экспресс-тестілеуден 15,5 мыңнан астам адам өтті, деп хабарлады елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.


Алматы, NEGE. «9 сәуірден бастап жаппай экспресс-тестілеуден өткзу басталды, одан 15528 адам өтті», - деді Мәкен сейсенбіде коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы брифингте.
Оның айтуынша, экспресс-тестілеуден медициналық қызметкерлер, полиция қызметкерлері, ұлттық гвардия, әскери қызметкерлер, өмірді қамтамасыз ету жүйесінің қызметкерлері мен коммуналдық қызмет қызметкерлері өтіп жатыр.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда, оның айтуынша, 29680 адамға зертханалық зерттеу жүргізілген.
«Бұл шаралар бізге ауру жұқтырғандарды ерте кезден анықтап, медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - деді Мәкен.

Тегтер: