USD
USD
USD

Асқа шашалып көз жұмды: Жедел жәрдем неге келмеген?

Степногорде ер адам дәмханада асқа шашалып көз жұмды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Асқа шашалып көз жұмды: Жедел жәрдем неге келмеген?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, оқиға қыркүйектің 19-да сағат 19:50 шамасында болған. Бұл туралы жедел жәрдем қызметіне әйел адам хабарласып айтқан.

«Сағат 19:58-де 102 нөміріне әйел адам қоңырау шалып, «Шашлыков» дәмханасында ер адамдың жағдайы күрт нашарлап, түрі бозарып бара жатқандығын айтқан. Сонымен бірге, ол ер адамды өз көлігімен аурухана алып кеткендігін, жолда оларды жедел жәрдем бригадасы күтіп алуын сұраған», - делінген ақпаратта.

Алайда, кейбір басылымдар мен әлеуметтік желі қолданушылар жедел жәрдем қызметінің шақыру бойынша келмегенін айтып, сынауда.

«Қалада тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз ғана диспетчерлік бекет бар. Онда сағат 19:10 және 20:00 аралығында 103 нөміріне 13 рет қоңырау шалынған. Диспетчер қоңырауды тіркеді, бірақ бригада жолға шыққан жоқ. Өйткені 20:00-де ауруханадан хабарласып, ер адамның денесі жеткізілгенін хабарлады. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей