2 Мамыр 08:47

Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіп иелерінің жұмыс уақыты ұзарды

Фото:

Алматыда Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіп иелерінің жұмыс уақыты ұзарды.

Алматы, NEGE. Мейрамханалар, кафе мен жазғы алаңдар 50%-тік шектеуді сақтай отырып, таңғы 07:00-ден  түнгі 00:00-ге дейін ашық болады. Театр мен кинотеатрлар, концерт залдары 30%-тік шектеумен жұмыс істейді. Бильярд клубына келушілер саны да осы межеден аспауы тиіс. Тастаяқ шеберлері сағат 12:00-ден түнгі 00:00-ге дейін ойнай алады. Компьютерлік клубтар 16 жастан асқан адамдарды ғана қабылдайды. Сауна, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері мен сауықтыру-фитнес орталықтарына шектеу жоқ.

Тегтер: