Аша Матай мен Арман Қоңырбаев ажырасып кетті ме?

07 қазан, 16:20
Аша Матай мен Арман Қоңырбаев ажырасып кетті ме?
Фото: caravan.kz

Соңғы уақытта әнші, актриса, тележүргізуші һәм блогер Аша Матай жұбайы Арман Қоңырбаевсыз төбе көрсетіп жүр. Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.

Алматы, NEGE. "Опмай-опмай" бағдарламасына сенсек, көпшілік жұрт жұлдызды жұптың ажырасып кеткенін болжап алаңдауда. Алайда жұлдызды жұптың әріптестері олай ойламайды. Олар бірге деген ойды алға тартты.

"Кейде отбасында уақытша дағдарыстың әсерінен де болатын жәйттар бар. Сол себепті де жаман ойға бармайық"- дейді әріптестері.

Алайда екеуі де бұл сұраққа жауап беруден бас тартқан.

Желідегі оқырмандар: "Ара-қатынастары тоқтаса сахнада бірге дуэт бола алады ма?!","Ажырасты дее дөп басып айтпайық, мүмкін хайп шығар","Екеуіде бір-бірін инстаграмда оқымайды екен, демек шын ақпарат шығар" - деген пікірлер жазылуда.

Дегенмен қос тарапта әзірге ешқандай ақпарат жариялаған жоқ.