Әсел Айтпаеваның өліміне қатысы бар күдiктi ұсталды

16 мамыр, 12:17

Фото: inbusiness.kz

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның өліміне күдiктi ретінде оның туысы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Грузияда қайтыс болған Қазақстан азаматшасы Ә. Айтпаеваның ата-анасының М. Мейрбековке қатысты шара қабылдау туралы арызының негізiнде ҚР ҚК 128-бабы бойынша (Адам саудасы) сотқа дейінгі тергеп-тексерудi бастады. Ауыр қылмыс жасады деп күдiктелетiн М. Мейрбеков ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінiң Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттерi жүргізiлуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда», – деп жазылған хабарламада. Еске сала кетсек, 5 мамырда Тбилисиде Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваның денесі табылған еді. Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации