23 Қаңтар 11:28

Армения көліктерінің тағдыры талқылануда

Фото:

Қазақстан мен Армения билігі Армениядан елге ағылып жатқан көліктердің түйіткілін талқылап жатыр.

Алматы, NEGE. «Армения Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында елішіндегі экономикалық, қоғамдық мәселені шешуге бағыт алған. Алайда оның көп жағдайда коммерция мақсатында қолданылуы әріптес екі ел үшін күтпеген жайт болған», – дейді Армения вице-премьері Мгер Григорян.

Армения Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерге, көлік экспортын тоқтатуы керек болған. Алайда, вице-премьер «Ол жасалған жоқ, қазір не бар  – сол бар. Жағдайды жеңілдететін шешім табуымыз керек. Қазақстан бойынша мәселе басты орында. Бүгінде Арменияда осы мәселені шешуге келген қазақстандық делегация бар. Менің ойымша, бұл мәселе жақын арада шешімін табады», – деп мәлімдеме жасады. 

Тегтер: